Новости

Вышел документальный фильм о Юн Руслане Борисовиче

Телеканал Хабар выпустил фильм, посвященный Юну Руслану Борисовичу. Соратники, коллеги и близкие люди рассказывают какой вклад внес Руслан Борисович не только в Казахстан, но и в жизни многих людей. Открытое сердце, близость народу в сочетании с требовательностью позволили ему добиться больших успехов и оставить след в истории нашей страны.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Шарықты ауылдық огругінің орталығы Теректі ауылының тұрғындары 2009 жылға дейін азын-аулақ малымен ғана күн көрген. Ал 2009 жылдан бері қарай бұл жер өндірісті өлкеге айналды.

Руслан Юннің тау-кен байыту комбинатын салып, елді мекеннің еңсесін көтереміз деген сөзін жергілікті халық әуелде қиял-ғажайыптай қабылдаған. Бірақ ол ойына алған мақсатты орындамай қоймайтын. Өйткені Руслан Юн – темірдей төзім мен қуатты қажырды талап ететін кеншілік ісінде жастайынан шыңдалған еңбек адамы.

Руслан Борисович 1975-1993 жылдары аралығында Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинатының Шығыс Жезқазған кенішінде кенші, тау-кен шебері, учаске басшысы, бас инженер, шахта басшысы және Шығыс Жезқазған мен Оңтүстік Жезқазған кеніштерінің бас инженері, директоры болып жұмыс істеген.

Подробнее смотрите в фильме